БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Әлижан Аблағатов Азия ойындарында ушудан қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ушу-саньдадан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аблағатов жартылай финалда Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагоммен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Әлижан Аблағатов 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button