
Қазақстандық Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан қола жүлдегер атанды.
Әйелдер арасындағы скиттің жекелей финалында Орынбай 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орын иеленді.
Алтын медаль 35 нысананы дәл көздеген қытайлық Цзян Итинге бұйырды. Таиланд өкілі Исарапа Импрасертсук 31 нысанамен күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун финалда 18 нысананы дәл көздеп, алтыншы орын алды.
Бұл – Әсем Орынбайдың Аичи-Нагоядағы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық сайыста күміс жүлде жеңіп алған болатын.
Орынбай Азия ойындарында жекелей скиттен қатарынан екінші рет қола медаль иеленіп отыр. Ол 2022 жылғы Ханчжоу ойындарында да үшінші орын алған. Сондай-ақ сол жарыста әйелдер арасындағы командалық және аралас командалық сайыстарда алтын медаль жеңіп алған еді.
Фото: Сали Сабиров



