БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Евгений Федоров Азия ойындарында топтық жарыстан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ерлер арасындағы топтық жарыста Федоров мәреге екінші болып жетті. Алтын медальді Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алексей Луценко жеңіп алды. Үздік үштікті жапониялық Юхи Тодоме түйіндеді.

Бұл – Евгений Федоровтың Азия ойындарындағы екінші медалі. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 207,7 шақырымдық топтық жарыста чемпион атанған. Сол кезде Федоров 4:25:29 нәтиже көрсетіп, Алексей Луценкодан озып кеткен еді.

Осылайша, Федоров Азия ойындарындағы топтық жарыста қатарынан екінші рет жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық тағы бір велошабандоз Николя Винокуров жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button