ММАТРЕНДТЕ

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол аралас жекпе-жектің modern санатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалда Шынбаев Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзодамен кездесті. Алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстан құрамасының аралас жекпе-жектен Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Бұған дейін Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі аралас жекпе-жектен 77 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған болатын.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button