БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол дәстүрлі аралас жекпе-жектен 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Финалда Бүркіталин Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті. Алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының бесінші алтын медалін әкелді.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button