
Қазақстандық каратэші Бэлла Самашева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Самашева үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Севинч Рахимованы жеңді.
Осылайша, Бэлла Самашева Азия ойындарындағы жарысын қола медальмен аяқтап, Қазақстан құрамасының жүлде қорын толықтырды.
Фото: Арлан Олжабай



