
Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.
Шешуші кездесуде Әсел Қанай Қытай өкілі Ли Гунмен күш сынасты. Жекпе-жек 8:2 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әсел Қанай Қазақстан құрамасына каратэден алғашқы күміс медальді әкелді.
Бұған дейін осы спорт түрінен Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта, ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.
Фото: Сали Сабиров



