ФУТБОЛ

Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирін Ресейден жеңіліспен аяқтады

Футболдан Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сербияда өткен УЕФА Даму турниріндегі соңғы кездесуінде Ресейге 0:1 есебімен есе жіберді.

Ануар Жағыппар жаттықтыратын команда бірінші таймда қақпасына гол жіберген жоқ. Матч тағдырын 89-минутта Ресей құрамасының ойыншысы Барон соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша, Қазақстан U-15 құрамасы халықаралық турнирдегі өнерін аяқтады.

Қазақстан U-15 – Ресей U-15 – 0:1 (0:0)

Гол: Барон, 89-минут.

19 қыркүйек 2026 жыл. Стара-Пазова, Сербия.

Басқа жаңалықтар

Back to top button