
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен командалық жарыста Мальдив құрамасын жеңді.
С тобындағы екінші кездесуінде қазақстандық спортшылар қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы топта екінші орынға көтерілді.
Бұған дейін ұлттық құрама алғашқы матчында Оңтүстік Кореяға есе жіберген болатын.
Азия ойындарында Қазақстан намысын Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғап жатыр.
Фото: Арлан Олжабай



