БАСКЕТБОЛ
Қазақстан 3×3 баскетболдан Азия ойындарын жеңіспен бастады

Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан топтық кезеңдегі алғашқы екі кездесуін өткізді.
А тобындағы бірінші матчта қазақстандық баскетболшылар Шри-Ланка құрамасын 17:15 есебімен жеңді.
Екінші кездесуде Қазақстан Моңғолияға қарсы ойнап, 8:13 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасымен бір топта Шри-Ланка, Моңғолия және Филиппин командалары өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама топтық кезеңдегі келесі матчын 23 қыркүйекте Филиппинге қарсы өткізеді.



