
Қазақстандық Санжар Әділов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол аралас жекпе-жектен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (traditional) өнер көрсетті.
Жартылай финалда Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті. Финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарындағы жарысын қола медальмен аяқтады.
Фото: Владислав Семенов



