
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ұлттық команда жартылай финал жолдамасын Оңтүстік Кореямен сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы В тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. Алғашқы кездесуде Филиппинді 3:1 есебімен жеңген қазақстандық волейболшылар келесі матчта Қытайға 0:3 есебімен есе жіберді.
Оңтүстік Корея құрамасы D тобында үш ойында да жеңіске жетіп, бірінші орын алды. Кореялықтар Гонконг пен Қатарды 3:0 есебімен, ал Вьетнамды 3:1 есебімен ұтты.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ширек финалдық кездесу 20 қыркүйекте өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.


