
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Филиппинді жеңді.
В тобында өнер көрсететін ұлттық құрама қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Қазақстандықтар бірінші партияда 27:29 есебімен жеңілгенімен, кейінгі үш сетте 26:24, 25:23 және 25:19 нәтижесімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив және Юлия Фоменко өнер көрсетуде.
Қазақстан келесі кездесуін 18 қыркүйекте Қытайға қарсы өткізеді. Қытай құрамасы бұған дейін Филиппинді 3:0 есебімен жеңген болатын.



