
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы кездесуін өткізді.
В тобында өнер көрсететін ұлттық құрама Филиппинмен ойнап, 58:86 есебімен жеңілді. Қарсылас команда төрт кезеңнің қорытындысы бойынша 28 ұпай айырмасымен басым түсті.
Қазақстан сапында Аделя Мұстафина, Александра Петелина, Анастасия Алишаускайте, Анна Безгодова, Валерия Капитонова, Дарья Королева, Дарья Цуканова, Камила Аманжолова, Милана Крутевич, Надежда Яковлева, Оксана Нурбаева және Тамара Нойок өнер көрсетуде.
Қазақстан әйелдер құрамасы келесі кездесуін 20 қыркүйекте алаң иесі Жапонияға қарсы өткізеді.



