КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстанның U23 әлем чемпионатына қатысатын күрес құрамасы жарияланды

12–18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен әлем чемпионаты өтеді. Біріккен күрес әлемі (UWW) турнирге қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының өтініміне 30 спортшы енгізілгені хабарланды. Ұлттық құрама еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен сынға түседі.

Еркін күрес:

57 кг – Еламан Амангелді

61 кг – Нұрданат Айтанов

65 кг – Шерхан Әбіл

70 кг – Майис Алиев

74 кг – Нұрдәулет Сейілбеков

79 кг – Ерхан Әбіл

86 кг – Абылайхан Үзембаев

92 кг – Камиль Құруғлиев

97 кг – Нұрдәулет Бекенов

125 кг – Әлімжан Сәлімжан

Грек-рим күресі:

55 кг – Арсен Жұма

60 кг – Айбек Айтбеков

67 кг – Рамиль Расим

72 кг – Юсуф Ашрапов

77 кг – Ақжан Ықыласов

82 кг – Айбек Қалиахмет

87 кг – Бейбарыс Тұрғанбекұлы

97 кг – Нұрасыл Аманалы

Әйелдер күресі:

50 кг – Лаура Ғаниқызы

53 кг – Динара Дәулетқызы

55 кг – Шұғыла Өмірбек

57 кг – Анна Стратан

59 кг – Виктория Хусаинова

62 кг – Тыныс Дүбек

65 кг – Жаныл Бекен

68 кг – Ұлдана Тілеухан

72 кг – Жібекжан Сабыржанова

76 кг – Алина Ертөстік

Жарияланған тізімде 28 спортшының есімі көрсетілген. Әлем чемпионаты басталғанға дейін қатысушылар құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button