БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарында алғашқы нәтижелерін көрсетті

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан жарыстар басталды. Алғашқы күні әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.
Қазақстан құрамасынан Диана Щедрова үздік нәтиже көрсетті. Ол 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, 12-орын иеленді.
Аяна Қазбекова 17 кездесуде басым түсіп, 16-орынға тұрақтады. Ал Юлиана Петрова 14 жеңіспен 22-орын алды.
Семсерлесудегі іріктеу нәтижелері спортшылардың келесі кезеңдегі жеребе орындарын анықтайды.
Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал 17 қыркүйекте өтеді.



