ТРЕНДТЕФУТБОЛ

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчы Астанада өтеді. Бұл туралы Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында белгілі болды.

Еуропалық клуб футболындағы маңызды кездесуді «Астана Арена» қабылдайды. Бұл Қазақстан тарихында УЕФА Суперкубогы алғаш рет ел аумағында өтетінін білдіреді.

Суперкубокта УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2027/28 жылғы маусымдағы жеңімпаздары кездеседі.

Осылайша, 2028 жылы Астана Еуропаның екі ірі клубтық турнирінің жеңімпаздары арасындағы матчты қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button