БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық құзға өрмелеушілер Гуйяндағы Әлем кубогында өнер көрсетті

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарыста спортшылар «жылдамдық» санаты бойынша сынға түсті.
Ерлер арасындағы жекелей бәсекеде Қазақстан өкілі Әлихан Татамбай 45-орын иеленді.
Әйелдер арасында Анна Баларшина 37-орынға тұрақтаса, Арина Новицкая жарысты 41-орынмен аяқтады.
Командалық жарыстарда Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада 11-орын алды. Ал аралас эстафетада ұлттық құрама 14-орынға тұрақтады.



