ТРЕНДТЕ

Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Азия ойындарының ашылуында Қазақстан туын ұстайды

Жапонияда өтетін Аичи-Нагоя-2026 ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын алып шығатын спортшылар белгілі болды.

Спортшылар шеруінде Қазақстанның көк туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстайды.

Елдос Сметов – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы. Сондай-ақ ол 2016 жылғы Олимпиадада күміс, 2020 жылғы Олимпиадада қола медаль жеңіп алған. Қазақстандық дзюдошының еншісінде әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын жүлделері де бар.

Сарвиноз Миркадирова – үстел теннисінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол WTT Feeder санатындағы халықаралық турнирлерде жүлдеге ие болып, әлем және Азия чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Құрлықтық дода 4 қазанға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button