БАСҚАЛАРЫ

Қазақстанның каратэ құрамасы Азия ойындарына алты спортшымен қатысады

Жапонияда өтетін Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды.

Ұлттық құраманың сапына үш ер және үш әйел спортшы енді.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл, 67 келіде Олжас Алтынбек, 75 келіде Нұрқанат Әжіқанов сынға түседі.

Әйелдер бәсекесінде 55 келіге дейінгі салмақта Бэлла Самашева, 61 келіде Әсел Қанай, ал 68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Каратэден жүлделер 20–23 қыркүйек күндері сарапқа салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button