
Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясы аясындағы турнир аяқталды.
Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы XCC дисциплинасында екінші орын иеленді. Ол жарыс қашықтығын 25 минут 06 секундта жүріп өтіп, күміс медальға ие болды.
Бірінші орынды Қытай өкілі Тин Ван иеленді. Оның нәтижесі – 24 минут 14 секунд. Қола жүлде тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжанға бұйырды.



