БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық регбишілер U18 Азия сериясының Қытайдағы кезеңін аяқтады

Қытайдың Циндао қаласында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында регбиден Азия сериясының кезекті кезеңі аяқталды.
Қазақстан атынан жарысқа ұлдар және қыздар құрамалары қатысты. Екі күнге созылған бәсеке қорытындысында Қазақстанның ұлдар құрамасы тоғызыншы орын алса, қыздар командасы сегізінші орынға тұрақтады.
Ұлдар арасындағы турнирде Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасы жеңімпаз атанды. Гонконг екінші орын иеленсе, Қытай құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Қыздар бәсекесінде Қытай құрамасы бірінші орын алды. Гонконг күміс жүлдеге ие болса, Малайзия құрамасы қола медаль жеңіп алды.



