БАСҚАЛАРЫ

Қазақстанның семсерлесу құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысады

Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды.

Қазақстандық семсерлесушілер шпага, сабля және рапира бойынша жекелей және командалық сайыстарда бақ сынайды.

Ерлер шпагасында жекелей сында Руслан Курбанов пен Кирилл Проходов өнер көрсетеді. Командалық жарыста оларға Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов қосылады.

Әйелдер шпагасында Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева жекелей сынға қатысады. Командалық бәсекеде олармен бірге София Николайчук пен Дарья Самоделкина өнер көрсетеді.

Ерлер саблясында Артём Саркисян мен Нұрмұхаммед Жайлыбай жекелей жарысқа шығады. Командалық сайыста олардың қатарына Назарбай Саттархан мен Қуаныш Ерғашбай қосылады.

Әйелдер саблясында Анастасия Гулик пен Әйгерім Сарыбай жекелей сында ел намысын қорғайды. Командалық жарысқа Карина Доспай мен Қайша Жәнібек те қатысады.

Ерлер рапирасында Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семёнов жекелей бәсекеде бақ сынайды. Командалық сайыста олармен бірге Тамирлан Калиев өнер көрсетеді.

Әйелдер рапирасында София Актаева мен Алёна Гноева жекелей сынға қатысады. Командалық жарыста олардың қатарына Алина Искандерова қосылады.

Азия ойындары аясындағы семсерлесу жарыстары 22-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button