БАСҚАЛАРЫ
Велотректен он қазақстандық спортшы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысады

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды.
Құрлықтық додада Қазақстан атынан он велошабандоз сынға түседі. Құрама сапына Әлішер Жұмақан, Максим Хорошавин, Илья Карабутов, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов, Андрей Чугай, Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Данияр Шаяхметов және Рината Сұлтанова енді.
Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында велотректің бірнеше дисциплинасы бойынша ел намысын қорғайды.
Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтетін ХХ Азия ойындары аясындағы велотрек жарыстары 29 қыркүйекте басталады.



