БАСҚАЛАРЫ
Маунтинбайктан төрт қазақстандық спортшы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысады

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының Жапонияда өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары анықталды.
Құрлықтық додада Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Ерлер арасында Денис Сергиенко мен Евгений Фёдоров жарыс жолына шықса, әйелдер бәсекесінде Татьяна Генелева мен Юлия Ли сынға түседі.
Маунтинбайктан жарыстар Азия ойындары аясында 24 қыркүйекте басталады.
2026 жылғы жазғы Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтеді.



