БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатындағы бәсекесін бастады

Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық додада Қазақстан атынан төрт жұп сынға түседі.

Ерлер арасындағы жарыста Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад жұбы ел намысын қорғайды. Сондай-ақ Сергей Богату мен Кирилл Гурин жарысқа қатысады.

Әйелдер бәсекесінде Қазақстан атынан Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова, сондай-ақ Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова өнер көрсетеді.

Жағажай волейболынан Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button