БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық жас жүзушілер Аргентинадағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы ашық суда жүзуден Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды.

Әлемдік додада ел намысын бес спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасының сапына Саида Елемес, Ярослав Губарев, Тимофей Лебедев, Руслан Максимов және Дарина Сысоева енді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыркүйек аралығында өтеді.

Жарыс бағдарламасында 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар бойынша сындар қарастырылған. Сонымен қатар спортшылар 3 шақырымдық нокаут-спринт пен аралас эстафетада жүлдеге таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button