
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары анықталды. Құрлықтық дода Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтеді.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Азия ойындарына үш велошабандозды таңдады. Олар – Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров.
Қазақстандық спортшылар 160 шақырымдық топтық жарыста ел намысын қорғайды. Сонымен қатар Алексей Луценко жекелей жарыста уақытқа сынға түседі.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.



