БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық бессайысшылар Қытайдағы әлем чемпионатында жүлдеге іліне алмады

Қытайдың Гуйян қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың жеке және эстафеталық бәсекелерінде өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан атынан бес спортшы бақ сынады. А тобында Кирилл Стадник 20-орынға ие болды. В тобында Тихон Варёхин 16-орын алса, Темірлан Абдраимов 21-орынға тұрақтады. С тобында Данил Богданов 17-орын көрсетсе, Лев Чувашов 18-сатыдан көрінді.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылардың ешқайсысы жартылай финалға өте алмады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде де Қазақстан құрамасының өкілдері келесі кезеңге жолдама ала алмады. Аяна Қазбекова А тобында 21-орынға ие болды. В тобында Юлиана Петрова 27-орын, Ярославна Понер 30-орын алды.

Қазақстандық спортшылар эстафеталық жарыстарда да бақ сынады. Ерлер эстафетасында Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов 7-орынға ие болды.

Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова 9-орын алды. Аралас эстафетада Ярославна Понер мен Кирилл Стадник те жарысты тоғызыншы болып аяқтады.

Командалық есепте Қазақстан әйелдер арасында 11-орын, ерлер арасында 13-орын иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button