БАСҚАЛАРЫ

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Таиландқа есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан волейболдан Азия чемпионатындағы топтық кезеңнің соңғы матчын өткізді.

Қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Сет нәтижелері – 22:25, 16:25, 25:23, 11:25.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде бір жеңіске қол жеткізіп, екі рет жеңіліс тапты. Ұлттық құрама бұған дейін Аустралияны жеңіп, Индонезиядан ұтылған еді.

Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі таңда Қазақстан В тобында екінші орында тұр. Дегенмен қорытынды турнирлік жағдай 26 тамызда өтетін Индонезия – Аустралия матчынан кейін анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button