БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан волейболдан Азия чемпионатындағы екінші кездесуін өткізді.

Қазақстандық волейболшылар Аустралия құрамасымен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Сет нәтижелері – 25:21, 25:18, 25:21.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама чемпионаттағы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен жол берген еді.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 25 тамызда Таиландқа қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button