БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11-орын алды

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасының өкілдері алғашқы жарыс күнінде үш метрлік тұғырдан синхронды секіру сайысында өнер көрсетті. Илларион Авченко мен Эмиль Касимов 218.16 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.

Бұл бағдарламада Канада құрамасы 281.82 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ресей спортшылары 272.46 ұпаймен күміс медаль иеленсе, Германия құрамасы 266.43 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, 22 тамызда Илларион Авченко мен Эмиль Касимов үш метрлік тұғырдан жекелей сайыста бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button