БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Велотректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінің алғашқы жарыс күндерінде бірнеше дисциплина бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.

Жекелей із кесу жарысында ерлер арасында Илья Карабутов (Қарағанды облысы) бірінші орын алды. Дмитрий Носков (Маңғыстау облысы) күміс, Рамис Дінмұхаметов (Астана) қола медаль иеленді.

Әйелдер арасында Рината Сұлтанова (Павлодар облысы) топ жарды. Ангелина Буренкова (Жамбыл облысы) екінші, Анжела Соловьева (Алматы облысы) үшінші орынға тұрақтады.

Кейрин жарысында ерлер арасында Кирилл Курдиджи (Қарағанды облысы) жеңімпаз атанды. Дмитрий Резанов (Астана) күміс, Андрей Чугай (Ақмола облысы) қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасындағы кейринде Анна Проскурина (Қызылорда облысы) бірінші орын алды. Кристина Чернышева (Ақмола облысы) екінші, Светлана Пащенко (Жетісу облысы) үшінші орынға жайғасты.

Командалық жарыстарда ерлер арасында Қарағанды облысы алтын медаль жеңіп алды. Астана екінші, Қызылорда облысы үшінші орынға ие болды.

Әйелдер арасындағы командалық бәсекеде де Қарағанды облысы үздік шықты. Жетісу облысы күміс, Астана қола медаль еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button