БАСҚАЛАРЫ
Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы волейболдан Азия чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.
Құрлық біріншілігі 21–30 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасының сапына мына волейболшылар енді:
Мадина Бекет, Маргарита Бельченко, Кристина Белова, Юлия Фоменко, Раяна Дүйсенбаева, Ирина Кузнецова, Айгүл Мулькибаева, Татьяна Никитина, Перизат Нұрбергенова, Жанна Сыроешкина, Полина Уфимцева, Мария Сырыгина, Валерия Настенко және Бота Уатаева.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы ойындарын В тобында өткізеді. Бұл топта қазақстандық волейболшылар Таиланд, Индонезия және Аустралия құрамаларымен кездеседі.



