КҮРЕСТРЕНДТЕ

Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының аталған турнирдегі алғашқы жүлдесі.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айша финалға дейін сәтті жетіп, шешуші белдесуде Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен кездесті. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Ал 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аянат Мейнамбай қола медаль үшін күресті. Алайда шешуші белдесуде АҚШ спортшысы Исла Сильваға жол беріп, жүлдеден тыс қалды.

Осылайша Айша Әбдімәліктің күміс медалі Қазақстан әйелдер құрамасының U17 әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button