БОКСТРЕНДТЕ

Дина Исламбекова Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

80 келіден жоғары салмақтағы финалда ол үндістандық Алфия Патханға қарсы айқаста айқын басымдық танытты.

Алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға жіберген Исламбекова жекпе-жек бойы үстемдігін сақтады. Үшінші раундта тағы бір мәрте нокдаун тіркеліп, қазақстандық спортшының басымдығы толық дәлелденді.

Осылайша, Дина Исламбекова Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл турнирді бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец чемпион атанса, Бақыт Сейдіш күміс медаль жеңіп алды. Ал Әйгерім Сәттібаева мен Валентина Хальзова қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button