ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан WU-17 құрамасы Еуро іріктеуінің А лигасына шықты

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сенімді ойын көрсетіп, келесі деңгейге жолдама алды.

Юлия Мамонова жаттықтыратын команда Черногорияны 4:1 есебімен жеңді. Бұл матчта Ботагөз Жұмажанова дубль авторы атанса, Софья Ягудина мен Балжан Төлеміс бір-бір голдан соқты.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы топта 4 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Бұған дейінгі ойында команда Молдовамен 2:2 есебімен тең түскен еді.

Нәтижесінде WU-17 құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасына жолдама алды.

Айта кетейік, турнир барысында Ботагөз Жұмажанова 3 гол және 1 нәтижелі паспен команданың ең нәтижелі ойыншысы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button