БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан гимнастары Хорватиядағы Әлем кубогына қатысады

Халықаралық FIG Осиек қаласында (Хорватия) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы сапында Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов өнер көрсетеді.
Хорватиядағы кезең 9–12 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Каирде өткен Әлем кубогы кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде жеңіп алса, Нариман Курбанов қола медальға ие болған еді. Сонымен қатар Асан Салимов қол тіреп секіру жаттығуында екінші орын алған болатын.



