БОКСТРЕНДТЕ

Айбек Оралбай финалға шығып, алтынға таласады

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алды.

90 келіден жоғары салмақта өткен жартылай финалда ол түрікменстандық Довлет Исламовқа қарсы айқаста сенімді жеңіске жетті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Айбек Оралбай алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай да финалға шыққан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button