БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан мен Моңғолия спорттағы әріптестікті күшейтуді талқылады

Ұлан-Батырда Қазақстан және Моңғолия ұлттық олимпиадалық комитеттері арасында жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан делегациясын Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев бастап барды. Моңғолия тарапынан Чойжгаваагийн Наранбаатар мен Бадар-Ууган Энхбат қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және меморандум әзірлеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тәжірибе алмасу мен өзара іс-қимылды дамытуға басымдық берілетіні айтылды.
Кездесу аясында Моңғолия ҰОК Геннадий Головкинді «Алтан Очир» наградасымен марапаттады. Ал Әлімжан Ақаев мерейтойлық медальға ие болды.
Тараптар алдағы уақытта да өзара серіктестікті нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.



