
Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
48 келіге дейінгі салмақта ол ширек финалда өзбекстандық Сабина Бобокуловаға қарсы тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижесінің арқасында Сәттібаева кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етіп, енді финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
Ал 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек тайландтық Пунрауре Руенрос қарсыласынан жеңіліп, жарысты аяқтады.



