
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті.
75 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол оңтүстіккореялық Суен Сон қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Хальзова бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта техникалық нокаутпен жекпе-жекті аяқтады.
Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық спортшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.



