БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола жүлде иеленді

Францияның Тье қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при турнирінде Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстандық спортшы жекелей көпсайыс қорытындысы бойынша 106,900 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Алтын медальді беларусь өкілі Алина Горносько жеңіп алса, күміс жүлде ресейлік Мария Борисова еншісіне бұйырды.

Осылайша, Ерекешева халықаралық турнирде тағы бір жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button