
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
75 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол жапониялық Тайга Ягиді айқын басымдықпен жеңді.
Үш раунд бойы қазақстандық спортшы қарсыласын қыспаққа алып, нәтижесінде сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Аққалықов кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етіп, енді финал жолдамасы үшін бақ сынайды.



