БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық бадминтон өкілдері Азияда марапатқа ие болды

Индонезияның Бали аралында Badminton Asia ұйымдастырған есеп беру конференциясында маусым қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Асқар Орманов спортшыларды даярлау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

Ал ұлттық құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин Asia Olympic Project бағдарламасы аясында «Жылдың үздік ойыншысы» атанды. Оның халықаралық турнирлердегі нәтижелері, соның ішінде Bangladesh International жарысындағы жеңісі мен Iran Future Series додасындағы табысты ойыны жоғары бағаланды.

Салтанатты шараға Badminton World Federation президенті Khunying Patama Leeswadtrakul және ұйым басшысы Kim Jung Soo қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button