
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
55 келіге дейінгі салмақта ол ширек финалда өзбекстандық Шахзод Музафаровқа қарсы айқаста 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижесінің арқасында Сабырхан кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті және енді финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан да жартылай финалға шығып, жүлдеге бір қадам жақындаған еді.



