БАСҚАЛАРЫ
Айбар Қайым әлем чемпионатында үздік ондыққа жақындады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық семсерлесуші жақсы нәтиже көрсетті.
Айбар Қайым қылыштасудан кадеттер арасында 1/8 финалға дейін жетіп, турнирді 11-орынмен аяқтады. Ол осы кезеңде Пуэрто-Рико өкілі Девон Матту қарсы тартысты кездесуде 14:15 есебімен есе жіберді.
Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальді америкалық Айден Цзе жеңіп алса, күміс жүлде грузиялық Георгий Урушадзе еншісіне бұйырды. Қола медальдарды швециялық Кеннет Конг пен румыниялық Матей Раду иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін осы әлем чемпионатында Нұрмұхаммед Жайлыбай қола медаль жеңіп алған болатын.



