БАСКЕТБОЛТРЕНДТЕ

Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия кубогына жолдама алды

Астанада өткен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сенімді жеңіске жетті.

Орталық Азия елдері қатысқан додада қазақстандықтар барлық қарсыласынан басым түсті. Алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңсе, шешуші кездесуде Өзбекстанды 89:41 есебімен ұтты.

Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленіп, Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Құрлықтық дода қыркүйек айында Таиландта өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button