
Қазақстан құрамасы Хорватияның Дубровник қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды.
73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев барлық қарсыласын жеңіп, турнир чемпионы атанды.
60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков күміс жүлдеге ие болды. Ал ауыр салмақта сынға түскен Толқын Тұрсынақынова қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған жарысты бір алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен қорытындылады.



