ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстандық төрешілер УЕФА турнирлеріне шақырту алды

Қазақстандық төрешілер УЕФА ұйымдастыратын жасөспірімдер құрамалары арасындағы халықаралық турнирлерге тағайындалды.

25-31 наурыз аралығында Швейцарияда өтетін 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында бас төреші қызметін Саят Қарабаев атқарады. Оған көмекші ретінде Дмитрий Белоградов жұмыс істейді.

Осы күндері Нидерландыда өтетін турнирде бас төреші болып Данияр Сахи белгіленді. Ал көмекшілік қызметті Юрий Тихонюк атқарады.

Германияда ұйымдастырылатын іріктеу кезеңінің элиталық раунд ойындарына Болат Сәриев пен Сергей Васютин тағайындалды.

Сонымен қатар, Павел Салий Хорватияда өтіп жатқан турнирде матч инспекторы қызметін атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button